Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дельфиндік терапия форумы өтті
18 сәуір күні Алматыда «Мүмкіндігі шектеулері балалардың реабилитациясы жүйесіндегі дельфиндік терапия» бойынша форум өтті деп хабарлайды NUR.KZ.
Аталмыш шарада «Қазақстандағы дельфиндік терапия» бағдарламасы бойынша жүргізілген жұмыстардың бір жылдық қорытындысы мен дельфиндердің көмегімен жүзеге асқан балалар мен жасөспірімдер реабилитациясының нәтижесі белгілі болды.
Сондай-ақ, арнайы дайындалған қалалық әлеуметтік жоба форум қатысушыларына таныстырылды.
Жиналған көрермендердің көптігі сонша, кейбіреулері дельфиндер мен олардың жаттықтырушылары дайындаған шоуды екінші қабаттан тамашалады. Әсіресе, бүлдіршіндер мен жасөспірімдер ерекше жаратылыс иелерінің судағы еркін қозғалысына таңдана қарап отырды.
Олардың ата-аналары да балаларымен жарыса қызықтап, көз алдарында болып жатқан көріністі телефонға түсіріп әлек болды.
Форум ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл іс-шара ауқымды түрде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін болады.
Источник: NUR.KZ










Комментарии
Комментарием пока нет.